Ақпарат:

28 мамыр 2024 3198

Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздеріне арналған iRIF-2024 аймақаралық инновациялық форумы өтті

Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздеріне арналған iRIF-2024 аймақаралық инновациялық форумы өтті

Сәтбаев Университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) болашақ интернет-зертханасының бірлесіп ұйымдастырған iRIF 2024 халықаралық инновациялық форумы өтті.

Форумның тақырыбы – «Жаңартылатын энергия көздері мен өнеркәсіптік интернет-технологиялардың интеграциясы» деп аталды. Мұнда Қазақстаннан және басқа да елдерден жетекші сарапшылар, ғалымдар мен сала өкілдері жиналып, «жасыл» технологиялар, литий және заттардың өнеркәсіптік интернеті (IIoT) саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Форумды университеттің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, профессор Ержан Көлдеев ашып, Алматы қаласы өзінің бай тарихымен және болашаққа деген ұмтылысымен қатысушылардың кездесуіне, пікір алмасуына және болашақты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуіне тамаша мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

– Біз бір-бірімізден үйрену үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Бірге біз тамаша идеялар тудыра аламыз, өзгерістерге шабыттанамыз және болашақты қалыптастыра аламыз», – деді проректор.

Оны Германияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Вольфганг Фауст мырза мен Анхальт университетінің профессоры Эдуард Сименс те қолдады.

 

Форумда инновациялар мен энергетиканың әртүрлі аспектілерін қамтыған бірқатар баяндамалар мен панельдік пікірталастар өтті. Осы іс-шара аясында ғылым мен бизнестің интеграциясы, энергетикалық аралдарға арналған IIoT технологияларын енгізу, автономды энергетикалық жүйелерге арналған компоненттер, экологиялық дизайн, жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігін дәстүрлі желілерге біріктіру сияқты тақырыптар сөз болды. Форумның соңында өткен панельдік пікірталаста қатысушылар жаңартылатын энергия көздері мен өнеркәсіптік интернет-технологияларды біріктіру мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты және алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жаңа жолдарын белгіледі.

Форум аясында сонымен қатар профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерге арналған «Инновациядағы, жоғары білім беру саласындағы және технологиялар трансфертіндегі цифрлық технологиялар» атты семинар Германияның жетекші мамандарының, атап айтқанда: Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті, Dexor Technology GmbH өкілдерінің қатысуымен өтті

Халықаралық iRIF 2024 форумы Қазақстанда және одан тыс жерлерде бірлескен ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеудің маңыздылығын көрсете отырып, білім мен инновация алмасудың серпінді кеңістігіне айналды. Қатысушылар форумды жаңа идеяларды қалыптастыру алаңы ретінде өте жоғары бағалады, өйткені ол идеялар Қазақстан мен Германия экономикасының инновациялық әлеуетін және баяндамалар мен талқылаулар барысында ашылған жаңа мүмкіндіктерді айтарлықтай арттыра алады.

Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздеріне арналған iRIF-2024 аймақаралық инновациялық форумы өтті

Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздеріне арналған iRIF-2024 аймақаралық инновациялық форумы өтті

Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздеріне арналған iRIF-2024 аймақаралық инновациялық форумы өтті

Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздеріне арналған iRIF-2024 аймақаралық инновациялық форумы өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту