Ақпарат:

19 наурыз 2021 4790

Сәтбаев Университетінің 2020–2021 оқу жылының аяғына дейінгі оқу тәртібі туралы ақпарат

Сәтбаев Университетінің  2020–2021 оқу жылының аяғына дейінгі оқу тәртібі туралы ақпарат

COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың оң әсерін одан әрі нығайту мақсатында Сәтбаев Университетінің басшылығы студенттер үшін 2020–2021 оқу жылының аяғына дейін төмендегідей оқу форматын енгізіп отыр:

1. Бакалавриат пен магистратура студенттері (бітіруші курстардан басқасы) 2020–2021 оқу жылының аяғына дейін онлайн форматта оқуларын жалғастыра береді.

2. Сонымен қатар университетке барып оқығысы келетін студенттер үшін күндізгі оқыту топтары құрылады, мұндағы оқу барлық санитарлық ережелерге сай өтетін болады.  

3. Күндізгі оқу бөліміндегі сабақ кестесіне жазылу үшін өз институттарыңызға хабарласыңыздар. Егер де аралас оқу түрінде (офлайн және онлайн) оқығысы келетін студенттер болса, олар міндетті түрде өтініш жазып, онда қай пәндерді онлайн және офлайн түрінде оқығысы келетіндерін көрсетулері тиіс.

4. 1–3-курста оқитын докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін 2020–2021 оқу жылының аяғына дейін аралас форматта жұмыстарын жалғастырады.  

5. Әскери кафедра онлайн режимінде өтеді.

6. Жатақханадан орын алу үшін университетке хабарласу керек.

Жатақханаға орналасу үшін күнібұрын өтініш берген және тіркеу тізімінде тұрған студенттер № 1 жатақханаға келіп, (ғимараттың шет жағында) жатақханаға жолдама алуына болады.

Тізімде жоқ студенттер мына үш тәсілдің бірі бойынша өтініш бере алады:

  • Онлайн түрде мына сайтқа dormitory.satbayev.university немесе egov.kz порталында  
  • Жазбаша өтінішті университет кеңсесіне тапсыру арқылы. Өтініш Конкурстық комиссияның Төрағасы Б.А. Жәутіковтың атына жазылады.

Өтінішті онлайн түрде тапсырған болсаңыз, оны жазбаша түрде қайтадан жазудың қажеті жоқ.

7. Сәтбаев Университетіне оқуға түсуге ниет білдірген Алматыда тұратын талапкерлер үшін осы кезең аралығында экскурсиялық сапарлар ұйымдастырылады. Экскурсиялар барлық санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады. Басқа келушілер үшін осы мерзімде университет жабық болады.

8. Емтихан тапсыру форматы жөніндегі мәселе санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сай шешілетін болады.

9. Студенттерге жұмыс уақыты кезінде университетке келуіне рұқсат етіледі. Басқа келушілер үшін университет жабық болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту