Сәтбаев университетінің Ректорлар кеңесі оқу орнының мерейтойлық жылғы жетістіктерімен танысты
Сәтбаев университетінің 90 жылдығы мен академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай университетте Ректорлар кеңесінің салтанатты отырысы өтіп, онда ректор Мейрам Бегентаев пен оның әріптестері мерейтойлық жыл туралы есеп берді. Биыл Ректорлар кеңесі құрамына «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Ұлықпан Сыдықов, академик Ғалымқайыр Мұтанов және мемлекет қайраткері Әділ Шаяхметов қосылып, олар Кеңестің құрметті мүшелері болып сайланды.
Ректорлар кеңесінің отырысы университеттің көрнекті жерлерінің бірі – 2024 жылы, үлкен жетістіктерге, мерейтойлық шаралар мен ауқымды жоспарларға толы жылы ашылған жаңа StroyTech технопаркінде өтті. Осылайша университет биылғы мерейлі жылы 70-тен астам делегация өкілдерін қабылдап, халықаралық ынтымақтастық орталығы деген мәртебесін бекітті және жаңа жатақхана құрылысын бастап, кампусты жаңарту жөніндегі ауқымды бағдарламаны қолға алды. Университетте 10 зертхана ашылды, оның ішінде MIT FabLab – яғни өнеркәсіптік үлгілерді прототиптеу және өндіру бойынша жаңа жоғары технологиялық орталық ашылды.
Мерейтойлық жылды университет ұшқышсыз ұшу аппараттары, модульдік үйлер, әртүрлі тұрмыстық химикаттар, зарядтау станциялары және т.б. заттар өндірісі сияқты өз әзірлемелерін қолдау арқылы ғылым мен оны коммерцияландыру саласындағы үлкен жетістіктерімен атап өтті.
Өткен мерейтойлық жыл ұрпақтар сабақтастығының, ғылыми жаңалықтар мен академиялық даму жолының символына айналды. Осы ағымдағы үдерісті қолдау үшін, Ректорлар кеңесіне университеттегі ғылыми мектептерді белсендірек дамыту туралы ұсыныс түсті. Бұл жоба келесі жылы университеттің Ғылыми кеңесімен бірлесіп жүзеге асырылмақ.
Университет алдағы уақытта өз зерттеулерін одан әрі жалғастыруға, серіктестік байланысты нығайтуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға ұмтылуда, ал олар өз кезегінде әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын инновацияларды жасайтыны сөзсіз.