Ақпарат:

10 маусым 2022 4935

Satbayev University MSC Software компаниясымен бірлесіп, құзыреттілік орталығын ашады

Satbayev University MSC Software компаниясымен бірлесіп, құзыреттілік орталығын ашады

Аты аңызға айналған «Политех» Hexagon Manufacturing Intelligence бөлімшесі MSC Software компаниясымен бірлесіп, құзыреттілік орталығын ашады. Жаңа орталық MSC Software компьютерлік технологияларын ілгерілетумен және насихаттаумен, сондай-ақ виртуалды прототиптер негізінде инженерлік есептеулер жүргізуге, бұйымдарды немесе технологиялық процестерді модельдеу мен оңтайландыруға мүмкіндік беретін осы технологиялармен жұмыс істеуге үйретумен айналысатын болады.

Орталық жалпы инженерлік пәндердің жас оқытушылары мен студенттерін MSC Software компьютерлік технологияларын пайдалана отырып есептеулерге оқытумен, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеумен, пәндердің түйісуінде ғылыми қызметтің жаңа бағыттарын қалыптастырумен, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырумен айналысатын болады. Университеттің елдегі инженерлік есептеулердің маңызды орталықтарының бірі болу үшін барлық алғышарттары бар.

«Satbayev университетінің үздік ұжымы бар, университет оқытушылары инженерлік талдау технологияларымен жақсы таныс, MSC Software жүйесінде жүргізілген есептеулерге негізделген ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жариялайды және жинақталған білімдерін басқаларға беруге дайын», - деп атап өтті MSC Software компаниясының ресейлік бөлімшесінің ТМД сату жөніндегі директоры Юрий Мартынь.

Орталыққа Simufact Forming, Welding және Additive технологиялық процестерін модельдеу үшін университеттік бағдарламалық кешендерге лицензиялар беріледі. Сонымен қатар, құзыреттілік орталығында кең танымал MSC Software жүйелері - MSC Nastran, Marc, Dytran, Adams және Cradle CFD қолжетімді болады.

Мұндай есептеу компьютерлік технологиялары қазіргі жоғары технологиялық өндіріс үшін қажет. MSC Software бағдарламалық қамтамасыз ету беріктік, динамика, технологиялық процестер, гидродинамика, жылу беру, композициялық материалдар, 3D баспа сияқты салаларда инженерлік есептеулер жүргізу мүмкіндіктерінің толық спектрін қамтамасыз етеді.

Жаңа құзыреттілік орталығының басшысы Исаметова Мадинаның айтуынша, мұндай технологияларды өндірісте пайдалану ұлттық және әлемдік ауқымында айтарлықтай бәсекелестік артықшылықтар бере алады.

Жаңа Орталық MSC Software және Satbayev University 2022 жылдың сәуір айында қол қойған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім негізінде «Машина жасау, стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының базасында ұйымдастырылады. Орталықта Hyundai Trans Kazakhstan, Электромеханикалық зауыт және басқа да кәсіпорындардың конструкторлары мен технологтары жұмыс істеп, өз біліктіліктерін арттыра алады.

MSC Software компаниясы 1963 жылы құрылған. Біраз уақыттан кейін компания соңғы элементтер әдісі негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге арналған NASA тендерін жеңіп алды. 70-жылдары компания көптеген технологияларды әзірлеп, іске асыра отырып, осы жүйені дамытуды жалғастырды, қазіргі уақытта кернеулерді, деформацияларды, динамикалық процестерді, акустика мен жылу беруді есептеу және болжау үшін кеңінен қолданылады.

MSC Software компаниясы дүние жүзіндегі жетекші кәсіпорындарда сызықтық және сызықтық емес соңғы элементтік талдау, оңтайландыру міндеттері, көп массалы жүйелердің динамикасы және басқару жүйелерін модельдеу үшін пайдаланылатын MSC Nastran, MSC Apex, Patran, Adams, Marc, Dytran, CAEfatigue, SimManager, Easy5, Actran, Digimat, Cradle CFD, Vires VTD, FormingSuite және Simufact жүйелеріне ие . Қазіргі уақытта MSC Software Hexagon компаниясының Hexagon Manufacturing Intelligence бөлімшесіне кіреді.

MSC Software компаниясы жаңа құзыреттілік орталығына табысты жұмыс істеуді тілейді және университетпен ынтымақтастық университеттің өзі үшін де, бүкіл Орта Азия аймағының өнеркәсібі үшін де көптеген қызықты және пайдалы нәтижелер әкеледі деп үміттенеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту