8 қараша 2022 3759

Satbayev University стартаптар конкурсына өтінім қабылдау басталды

Satbayev University стартаптар конкурсына өтінім қабылдау басталды

Satbayev University барлық белсенді білім алушыларымызды және қызметкерлерімізді "TECH STARTUP-2022" инновациялық идеялар мен жобалар Конкурсына қатысуға шақырады.

Біздің мақсатымыз - алдағы уақытта коммерцияландыру және старт-ап компанияларды құру мақсатында перспективті жобаларды іріктеу.

Байқауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады! Конкурс екі номинация бойынша өткізіледі:

  • Satbayev University білім алушылары үшін (бакалаврлар, магистранттар және докторанттар);
  • Satbayev University және холдингтің штаттық қызметкерлері үшін.

Конкурсқа қатысу үшін "TECH STARTUP-2022" деген белгімен Өтініміңізді  a.daurenbekova@satbayev.university электрондық мекен-жайына жолдауыңыз керек. 
Жоба жетекшісі Конкурсқа өз атынан екі жоба бере алады және тағы бір жобаның қатысушысы бола алады.

Команда мүшелері Конкурс аясында екі жобаға ғана қатыса алады. Команда құрамы Өтінім берушіні қосқанда  5 адамнан аспауы керек.

Іріктеуден өткен қатысушылар Конкурстық комиссия алдында өз презентацияларын қорғайды және сұрақтарға жауап береді.

Конкурсты өткізу мерзімі:

1) Іріктеу кезеңі - 2022 жылдың 7 қарашасынан 18 қарашасына дейін. 
2) Жобаларды қорғау - 2022 жылдың 28-29 қарашасында.
3) 2022 жылдың 7 желтоқсанында Конкурс Жеңімпаздар жарияланады.

Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындарға гранттар бөлінеді. Конкурс нәтижесінде әр номинация бойынша үш жеңімпаздан анықталады

1 орын – 4 000 000,0 теңгеден,
2 орын – 2 000 000,0 теңгеден,
3 орын – 1 000 000,0 теңгеден.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 320-40-00 немесе +7 777 398 89 47, +7 707 192 95 45 телефондарына  хабарласыңыз.

Конкурсқа қатысу үшін Өтінімді жүктеу
Конкурс туралы ережелерді жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту