Технологиялық скауттар: «Samgau» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы мен Сәтбаев Университеті күш біріктіруде
Сәтбаев Университетінің басшылығы мен «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының өкілдері бір-бірімен кездесті. Орталықтың бас директоры Төлеген Орашев пен корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Салтанат Жұмабекова мүдделі өндіріс салалары үшін инновациялық шешімдерді әзірлеудегі өзара ынтымақтастық перспективаларды талқылау үшін университетке келді.
«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы – инновациялық әзірлемелер мен ғылыми бастамаларды өндіріске енгізу арқылы отандық ғылымды қажет ететін өндіріс салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған қор. Орталық ғылыми-инновациялық қауымдастық пен өндірістің өзара әрекеттесуінің практикалық тетіктерін құрумен айналысады, яғни «скаут» – «барлаушы» рөлін атқарып, республиканың жоғары оқу орындарын «жоғары лигада ойнауға» белсенді түрде тарта отырып, өндірістің өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сәтбаев Университетінің бұл үдеріске жобаны жүзеге асырушы ғана емес, тең құқылы серіктес ретінде қосылуы өте орынды.
– Біз барлық басқа университеттерден қалайша ерекшеленеміз, – деді кездесуде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, – мемлекет бізге технологиялар трансфертін жүзеге асыру туралы, өңірлік жоғары оқу орындарын қолдау орталығы болып, бүкіл аймақ үшін ғылыми-технологиялық хаб құру туралы міндет жүктеді.
Орталық қазірдің өзінде кәсіпорындардың өндірістік олқылықтарын анықтап, олар бойынша 22 тапсырма құрастырды, енді бірінші кезекте солардың шешімін табу жоспарланып отыр. Сәтбаев Университеті мен Орталық инновациялық шешімдерді өндіріске тиімді енгізу мақсатында ғылыми-техникалық сараптаманы қамтамасыз ету үшін бірлескен ғылыми топ құруда. Ғылыми топтардың назары бірінші кезекте энергетика және теміржол көлігі мәселелерін шешіп, оларды тәжірибе жүзінде іске асыруға бағытталатын болады.
«Самғау» орталығы ұсынған мәселелерді шешуге бағытталған студенттік конструкторлық бюро құру; өндіріс профессоры ретінде магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекші бола алатын өндіріс қызметкерлерінің бастамаларына қолдау көрсету жоспарланып отыр.