Ақпарат:

6 маусым 2018 14150

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа  оқулық

2018 жылдың көктемінде Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасына  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 17 оқулық келіп түсті. Университеттің Ғылыми кітапханасының қоры үш тілде жазылған жаңа оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен үнемі толықтырылып отырады. Әрине, оның басым көпшілігі шетелдік авторлардың классикалық еңбектері екені сөзсіз. Елімізді қазіргі заманғы білімге сәйкес қазақ тіліндегі қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүзеге асып отыр.

Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде алғашқы шығарылған 18 оқулықпен танысу барысында Елбасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасының маңызы туралы айта келіп, «бұл әлемдік деңгейдегі шетелдік университеттердің жетістіктерімен және тамаша тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік беретінін» жоғары атап өткен болатын.

Бүгінгі таңда философия, социология, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік қызмет, дін тану, лингвистика, медиа және инновация тақырыбына арналған 18 оқулық аударылды. 16 оқулық – ағылшын тіліндегі түпнұсқасынан, 1 оқулық – француз тілінен, 1 оқулық – орыс тілінен аударылды.

Шетелдік тамаша әдебиеттерді қазақ тіліне аудару бағдарламасы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жөніндегі ескі түсініктерді қазіргі заманғы және келешектегі көзқарастарға сүйене отырып жаңартуды талап етеді. Олардың аудармасын Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының оқытушылары жасаса, аударманың сапасын бағалау ісі белгілі ғалым-тілшілер мен сол білім саласындағы кәсіби мамандарға жүктелді.

Аталмыш жобаның арқасында Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасы алғашқы аударылған 18 оқулықтың 17-не ие болып отыр. 2018 жылғы жаңа оқу жылынан бастап студенттер ол оқулықтарды қолдана алады. Ал экономика мен кәсіпкерлік қызмет жөніндегі шетелдік басылымдардың аудармасы қазірдің өзінде қазақстандық жоғары оқу орындарында МВА бағдарламасын қазақ тілінде дайындауға мүмкіндік беріп отыр.

Аудармалар негізінде жасалған оқулықтардың электрондық нұсқалары мен бейнелік дәрістері Ұлттық аударма бюросының сайты мен Қазақстан ашық университетінің (OpenU.kz) платформасында жүктелетін болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту