Ақпарат:

Робототехника және мехатроника

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В063 Электротехника және автоматтандыру Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Өнеркәсіптік және басқа да мақсаттарға бағытталған роботтарды, робот техникасы мен мехатрондық жүйелерді жасау мен жобалау саласына қажетті мамандарды даярлайды. Студенттер робототехника, робот механикасы мен оларды басқару, робот техникасы мен мехатрондық жүйелердегі электрондық қондырғыларды басқару жөнінен іргелі де терең білім алады. Сондай-ақ роботталған және мехатрондық модульдер, робототехника мен мехатроникадағы интегралдық және микропроцессорлық техника жөнінен де терең білім алады.

Сіз инновациялық жүйелер мен машиналарды құрудың және жобалаудың негізі болып саналатын компьютерлік және электротехникалық компонеттерді біліп шығасыз, олар кейде адам еңбегін де алмастырып, күрделі технологиялық процесстерді автоматтандыруға қабілетті келеді.

Бағдарлама бойынша бір оқу практикасы, екі өндірістік және дипломалды практика қарастырылған. Практика кезінде студенттер кәсіпорынның өндірістік үрдістері мен құрал-жабдықтардың технологиясын, олардың жұмыс істеу тәртібі мен негізгі үрдістері автоматтандыруды үйренеді, соның ішінде:

  • өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес мақсаттар үшін роботтарды және роботтық жүйелерді құрау;
  • бағдарламамен басқарылатын станоктардың, ұшқышсыз көліктердің, заманауи офистік техника мен өндірістік, авиациялық, ғарыштық және басқа роботтардың, әлеуметтік роботтардың және т.б. макеттерін жасау;
  • робототехникалық және мехатрондық жүйелерді басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
  • мехатрондық жүйелер мен роботтардың бөлшектерін және электрондық схемаларын өндіруге арналған жобалау құжаттарын рәсімдеу;
  • жобаланған жабдықты дайындау, құрастыру және сынау үшін технологиялық процестерді жасау.
  • Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік университеттерде оқуға мүмкіндік алады.

1 курс студенттері ғылыми зерттеулермен айналысады және жобаларды құрады. Студенттер бірінші күннен бастап өздерін инженерлер секілді сезініп, ойлай бастайды. Негізгі теориялық курстар студенттерді сыни және шығармашылық ойлауға мәжбүрлейтін сабақтар мен жобалармен теңестірілген.

Робототехника – белсенді түрде дамып келе жатқан жаңа сала. Бұл салада теоретик-мамандармен қатар бір команда болып жұмыс жасай білетін «технарьлар» да жоғары сұранысқа ие болып отыр. Егер де бұрын робототехника негізінен тек қорғаныс кешендері мен космос саласында ғана қолданылған болса, қазір мұндай технология біздің күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданысқа еніп отыр.

Түлектер жобалау-конструкторлық бюролар мен өндіріс орындарында инженер, конструктор, кибернетик, робототехник, мехатроник және ІТ-мамандар болып қызмет етеді. Сондай-ақ олар өндірістік және басқа да мақсаттағы робототехникалық жүйелерді жасау және құрастырумен айналысады. Сол жүйелерді жобалау, басқару және қолдану жолдарына қажетті бағдарламалық-алгоритмдік қамтамасыз ету жүйелерін жасайды.

Басты әлеуетті жұмыс берушілер - «KOMEK MACHINERY Kazakhstan», «Имсталькон», «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «С.М. Киров атындағы Машинажасау зауыты», «Hoffmann Aluminium» зауыты, КазМедТех, Қосалқы жабдықтар мен құбырлар зауытты, «Turkuaz Machinery» тоқтату клапандары зауыты, «Алматыэнергосервис», «Медремзавод» және басқалары.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту