Ақпарат:

10 сәуір 2023 3486

Бағдарламашылардың жасырын жиыны: Сәтбаев Университетінде «nFactorial AI Cup-2023» өтті

Бағдарламашылардың жасырын жиыны: Сәтбаев Университетінде «nFactorial AI Cup-2023» өтті

Сәтбаев Университетінде 7–9 сәуір аралығында үш күн бойы тамаша іс-шара – жасанды интеллект саласындағы ІТ әзірлеушілердің халықаралық хакатоны өтті. Марафон үш күнге созылды, онда жас бағдарламашылар генеративті жасанды интеллект арқылы танымал ойын үшін ұялы телефондар мен боттарға арналған қосымшалар жасау бойынша жарысты. Жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрады.

Хакатонды Қазақстандағы ең ірі IT-инкубатор nFactorial School Сәтбаев Университеті базасында ұйымдастырды. Жобаға Co:here AI және Chevron компаниялары қолдау көрсетті. Іс-шараның ерекше сипатына қарамастан, хакатонға бағдарламалау мен жасанды интеллектке құмар 13 жастағы балалардан бастап 200 жүз адам қатысты.

– Бұл кіші мамандардың сайысы болғанына қарамастан, барлығы өте жақсы өтті, – дейді nFactorial School командасының жоба жетекшісі Айдана Нұғманова. — Мұнда әртүрлі қызықты жобалар көп болды. Қатысушылар арасында IT саласында мансабын құруға тырысып жатқан, бірдеңе жасап жатқан, бірдеңе білетін мектеп оқушыларының көп болғаны бізді қатты қуантады. Бұл IT саласының елімізде белсенді түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

В Satbayev University прошел nFactorial AI Cup 2023

Тапсырманы орындаумен қатар қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, үстел ойындарын ойнап, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Хакатон nFactorial School-дің негізін қалаушы Арман Сүлейменовтің «Жасанды интеллект саласындағы қосымшаларды құруға арналған 50+ идея» дәрісімен басталды. Арман қатысушылармен ой бөлісіп, оларды хакатонда жұмыс істеуге және жеңіске жетуге шабыттандырды.

Іс-шарада орын алған екінші оқиға – жасанды интеллект саласындағы канадалық стартап Co:here AI компаниясы өкілінің дәрісі болды. Бұл Open AI-дың негізгі бәсекелесі ретінде әрекет ететін танымал компания, инвесторлар оны 6 миллиард долларға бағалаған. Компания хакатонды қолдап қана қоймай, қатысушыларға өзінің API қолдану мүмкіндігін берді.

Үшінші күннің соңында хакатон қатысушылары жасанды интеллект көмегімен жасалған өздерінің инновациялық жобаларымен таныстырды. Құрамында қазақстандық үздік IT әзірлеушілері бар әділ қазылар алқасы App track номинациясы бойынша үш жеңімпаз жобаны таңдады:

Орын

Жеңімпаз

Жоба

1-орын – 600 000 тг

Әлібек Сеитов. Астана қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы. Алматыға осы хакатонға қатысу үшін арнайы келген.

pptx таныстырылымы үшін мәтін аудару.

 

2-орын – 400 000 тг

Нематжон Ризаев. Сулеймен Демирель атындағы университеттің түлегі, iOS әзірлеуші.

Ақпаратты есте сақтау үшін Flashcards AI генерация жасайды және флэш-карта жасайды.

3-орын – 200 000 тг

Мәди Абжанов. Ноттингем университетінің түлегі. Fullstack әзірлеуші.

Аудиожазбаны пунктуациясы мен грамматика ережелерін толық сақтай отырып, кез келген тілде мәтінге аудару қосымшасы, мәтіннің  key points және summary шығарады.

Дәл осы күні Game track категориясы бойынша боттар шайқасы өтті. Бұл шайқаста Әлихан Сырғалиев (1-орын), Әли Айдарұлы (2-орын) және Бейғұт Бейсенхан (3-орын) жеңіске жетті.

В Satbayev University прошел nFactorial AI Cup 2023

Осылайша, үш күндік кодинг, көңілді сәттер мен жасанды интеллект саласындағы сынақтар аяқталды, мұның бәрі жас бағдарламашыларға жасанды интеллект саласы бойынша әлемдегі ең үздік мамандардың қатарына қосылуға жол ашады.

Біз жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, барлық қатысушыларға тамаша мансап тілейміз!  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту