Ғылым күні Сәтбаев университеті шетелдік студенттерді қазақ мәдениетімен таныстырды

Ғылым күні аясында Сәтбаев университеті «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект» халықаралық конференциясын өткізумен қатар Наурыз мейрамын да атап өтті. Университет қалашығында домбыра үні күмбірлеп, ән мен би орындалды. Қазақтың тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлері студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күйге бөлеп, көктемгі далада біріктіргендей болды.
Мереке дәстүрлі батырлардың қатысуымен өткен театрландырылған қойылымнан басталып, олар көне әдет-ғұрыптар мен отбасы құндылықтарын жаңғыртқандай болды. Қойылымнан кейін «Наурыз» әні шырқалып, университеттің танымал «Meir Band» ансамблі өнер көрсетті.
Наурыз мейрамын тойлау рәсімі этнофестиваль форматында өтті. Көрермендер әсіресе дәстүрлі садақ ату алаңына ерекше қызығушылық танытты. Шығармашылық өнерді жақсы көретін қауым суретшілердің көпшіліктің көз алдында жасаған картиналарын тамашалады. Суретшілермен қатар қолөнершілер де өз өнерлерін ортаға салды: олар қыш құмыралар құйды, тері өңдеушілер теріден кәдесыйлар жасады, ал зергер әшекейді қолмен зерлеу техникасын көрсетті. Мерекелік іс-шараға сондай-ақ шетелдік студенттер мен оқытушылар да қатысып, өз елдерінің ұлттық киімдері мен астарын көпшілік назарына ұсынды. Және де қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойнады.
Мерекелік іс-шараның айтулы оқиғасы – Сәтбаев университетінің студенті Аяжан Даниярқызының аңшы құспен бірге ұлттық аңшылық өнерді көрсетуі болды, ол сондай-ақ сахнадан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке құрмет көрсетті. Ал министр ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 126 жылдығына орай жасалған портретін сыйға алды.
Ғылым мен салт-дәстүр қатар өмір сүріп қана қоймай, бірін-бірі үнемі шабыттандыра түседі. Сәтбаев университетінде өткен дәстүрлі Наурыз мерекесі әртүрлі мәдениет пен болашағымыздың арасындағы дәл қазір осы жерден бастау алатын байланысының символына айналды.