Ақпарат:

5 наурыз 2019 14738

ҚР еңбек нарығы: қайда оқу керек?

ҚР еңбек нарығы: қайда оқу керек?

Осыдан 10 жыл бұрын оқуға түсушілер қаржыгер мамандығын қуана таңдайтын еді. Десе де, компьютерлік технологиялардың дамыған заманы бұл салада да бәсекелестік тудырып, көптеген мамандар жұмыссыздыққа тап болды. Ал жоғары білікті инженер мамандары нарықта қашан да сұранысқа ие, өйткені мұндай мамандар үнемі жетіспейді.

Мемлекет Қазақстанды индустриализациялау және сандық технологиялармен жетілдіруге тырысуда. Оған қол жеткізу үшін арнайы «Сандық Қазақстан» және «100 нақты қадам» бағдарламалары іске қосылды. Сондықтан 2019 жылға жоспарланған 50 мың гранттың 21 мың гранттан астамы техникалық мамандықтарға бөлініп отыр. 

Ал енді осыншама инженерлерге жұмыс орны табыла ма? Еңбек нарығындағы бұл жағдай туралы ANCOR Central Asia рекрутингтік компаниясының бөлім бастығы Оксана Ткаченко былай дейді:

начальник отдела рекрутинговой компании ANCOR Central Asia Оксана Ткаченко«Еңбек нарығында металлург, мұнайшы, машина жасаушыларға деген сұраныс біртіндеп өсіп келеді. Бұған технологияның дамуымен қатар,  жалпы нарықтың дамуы және шетелдіктердің біздің нарыққа келуі де қатты әсер етуде. Сондықтан да шетел тілін жақсы меңгеру – бәсекедегі артықшылық болып табылады. Сөйте тұра, талай жылғы мол тәжірибесі бар корифейлер белсенді түрде жұмыс іздемейді, сәйкесінше өздеріне түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын емес. Ал жұмыс берушілер тәжірибесі төмен болса да, жақсы дайындықтан өткен жас мамандарға таңдау жасайды. Олар тіпті жастарды өз кәсіпорындарында жаңадан үйретуге де әзір. Түптеп келгенде, қашан да оқуға, үйренуге, жаңа іске машықтануға дайын болу – қызметкерлерді таңдау кезінде есепке алынатын басты қағидаттар. Осы қағидаттарды толық меңгерген түлектерде тезірек жақсы жұмыс тауып алу мүмкіндігі мол».

Атап айтқанда, көлік, жүк тасымалы, металлургиялық кәсіпорындар, мұнай және табиғи газ өндірумен айналысатын кәсіпорындардың инженерлері бүгінгі күні ең жоғары жалақыға ие болып отыр. Мысалы, Қазақстан еңбек нарығында сирек кездесетін қаржылық сараптама жасаушы мамандардың айлық жалақысы  $2000 құрайды екен. Бұл салада қызмет ету қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқаруға, сөйтіп әлемдегі ең жоғары ақылы мамандықтардың үздік тобына енуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы ең жоғары айлық жалақылар:

Мамандық

Айлық жалақы, теңге

Кәсіпорынның бас металлургі

1 500 000

Мұнай және газ өндіру саласында ұңғымалар тіреуішін жасайтын инженерлер  

1 200 000

Бұрғылау жөніндегі инженерлер

800 000

Бұрғылау бөлімінің бригадирі

800 000

Бұрғылау жөніндегі техник

700 000

Бағдарламашылар

от 250 000

Қазақстан өнеркәсібі біртіндеп дамып келеді, сондықтан да техникалық мамандық иелеріне қайда болса да есік ашық. Түлектердің  90%-ы оқу бітіргеннен кейінгі бір жылдың ішінде жақсы жұмыстарға орналасады. Satbayev University өнеркәсіп орындарымен тығыз байланыс жасап, студенттер өндірістік тәжірибеден өту үшін 460 кәсіпорынмен келісімшарт жасаған. Осының нәтижесінде түлектердің  88%-ы өздері өндірістік тәжірибеден өткен кәсіпорындарға жұмысқа орналасады. Атап айтқанда, бұл компаниялар «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазТрансОйлГаз», «Қазмұнайгаз», Slumberger, BakerHughes және дүние жүзіне танымал басқа да кәсіпорындар. Бакалавриат түлектерінің кейбірі магистратурада немесе екінші жоғары білім алу үшін оқуларын әрі қарай жалғастырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту