Ақпарат:

23 желтоқсан 2021 5396

Сәтбаев Университетінің Басқармасы университет ұжымына есеп берді

Сәтбаев Университетінің Басқармасы университет ұжымына есеп берді

Қазақстанда жоғары инженерлік-техникалық білім берудің флагманы, аты аңызға айналған Политех халықаралық университетке айналуға, әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіруге бет бұрды. Бұл туралы Басқарманың есеп беру жиынында университет басшылығы мәлімдеді, жиын кеңейтілген құрамда онлайн форматта өтті.

«Университетте қызмет істеген алғашқы күндерден бастап-ақ маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге зор алғыс айтамын», – деді жиында сөйлеген сөзінде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, бұл жаңа қызмет орнындағы алғашқы есеп беру жиыны еді. – Алда бірге атқаратын әлі де талай ісіміз бар. Біздің мақсатымыз өте ауқымды. Ұлттық техникалық зерттеу университеті деген мәртебемізді ескеретін болсақ, басқаша болуы мүмкін емес».

Ректор университета Мейрам Бегентаев

Ректор өтіп бара жатқан жыл біраз қиын болғанымен, қызығы да мол болғанын атап өтті, атап айтқанда, студенттердің аудиторияға оралуының арқасында күндізгі оқу қайтадан қалпына келді, сондай-ақ университеттің алдына қойылған барлық міндеттері дерлік жүзеге асты.

Политех өзінің білім беру бағдарламаларының сапасы жоғары екендігін тағы да дәлелдеді, ал олардың тиімділігін халықаралық рейтингтер растайды. QS рейтингі бойынша Сәтбаев Университеті 501–510-орында келеді.

Қазақстанда инженерлік білім мен ғылыми-зерттеу орталығына айналу үшін, университет аймақтардың экономикасына біріктірілген заманауи академиялық, ғылыми-зерттеу экожүйесін қалыптастыру әдісіне көшті. Университет «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша кадрлар даярлау ісін қайтадан жандандырып, өнеркәсіп секторымен, атап айтқанда, мұнай-газ өндіру және геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынасты кеңейтіп отыр. Өңірлермен бірлесе жұмыс жасауды бастап, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан және басқа да облыстармен өзара бекітілген меморандумға қол қойылды.

Проректор по академическим вопросам Бахыт Жаутиков

2021 жылы қосымша 32 білім беру бағдарламасы іске қосыллды, оның ішінде 19 бакалавриат, 8 магистратура, 5 докторантура бағдарламасы бар. Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының саны 99-ға жетті.

Major және Minor бағдарламаларының ережелері жаңартылды, PhD докторантураның үлесін 10%-ға дейін ұлғайту үшін, pre-бакалавриат, pre-магистратура, pre-докторантура бойынша ережелердің жобалары әзірленді. Университеттің pre-докторантура бойынша алғашқы жобасын ҚР Білім және ғылым министрі жоғары атап өтті.

Университеттегі оқытушылардың ғылыми дәрежесі 46%-дан 56,1%-ға дейін өсті, оқу ісі жөніндегі жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп, университет қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курстары қайтадан қалпына келтірілді.

Сәтбаев Университетінің тарихында алғаш рет университеттің барлық экс-ректорларын біріктірген Ректорлар кеңесінің қолдауымен университетте 30 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан белгілі ғалымдар мен педагог ақсақалдарды университет жұмысына жұмылдыратын «Ақсақалдар алқасы» тамаша жобасы енгізілді. Осы құрметті жандардың мол тәжірибесі мен терең білімі басшылыққа университеттің болашақ даму стратегиясын дәлірек анықтауға және еліміздің алғашқы техникалық университетінің тарихи-генетикалық кодын одан әрі сақтауға көмектеседі.

Сөйтсе де университет алдында, әсіресе ғылыми-зерттеу қызметі саласында ауқымды міндеттер тұр. Сәтбаев Университетінің даму бағдарламасындағы негізгі мақсаттарға қол жеткізу, яғни 2026 жылға қарай QS рейтингі бойынша әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енуіміз – сол міндеттердің орындалуына тікелей байланысты.

Биылғы жылы қазан айында Мемлекет басшысы бекіткен «Сапалы білім – Білімді ұлт» Ұлттық жобасының стратегиялық көрсеткіштерінің бірі – еліміздің үш жоғары оқу орнының әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енуі. Бұл мақсатқа жетудің негізгі көрсеткіші – профессор-оқытушылар құрамының 70%-дан астамын университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне жұмылдыру.

Проректор по науке и международному сотрудничеству Алибек Шокпаров

Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, Сәтбаев Университетінің Ғылым департаменті барлық қағазды құжат айналымын өз мойнына алып, «бір терезе» әдісі бойынша қызмет көрсету форматын қамтамасыз ете отырып, басқа бизнес-процестерді барынша азайтты. Одан әрі жасалатын қадамдар университеттің ғылыми қызметін арттыруға бағытталатын болады. Алдағы 2022 жылдың қаңтар айында құны кемінде 5 миллион теңгені құрайтын ғылыми зерттеулерге берілетін 10 ішкі грантқа конкурс басталып, өткізілетін болады.

Университет жас ғалымдарды қолдауға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуге кірісіп кетті, соның аясында шәкіртақылық бағдарлама мен басқа да әлеуметтік және ғылыми қолдау шаралары енгізіледі. Жарияланым белсенділігінің көрсеткіштерін жақсарту және қызметкерлерді ынталандыру мақсатында университетте Рейтингі жоғары журналдарда жарияланым жасағаны үшін сыйақы төлеу туралы ереже қабылданды. Сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін ойлап тапқаны үшін, әсіресе із жүзінде қолданылатын және экономикалық тиімділігі мол патенттер үшін сыйақы төлеу тәжірибесі енгізіледі.

Ғылымды қажет ететін бизнестің негізін құра алатын патенттер бойынша жұмыс жүргізу университет қызметінің басым бағыттарының бірі ғана емес, сонымен қатар университеттегі қызметкерлердің өмір сүру жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Сәтбаев университеті қазірдің өзінде редукторлар мен сорғыларды өндіруде полимербетон және талшықты-бетон қоспасы технологияларын қолдануда. Металлургия және кен байыту институтының базасында суперпластификаторды қолдана отырып бетон бұйымдарын өндіру жұмысы басталды. Университет өзінің цехында жасалған жиһаздарды пайдаланады. Десек те, ең бастысы – бұл өнімдердің барлығы қазірдің өзінде нарықта жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Сәтбаев Университеті Қазақстанның Бірыңғай геологиялық қызметін құру бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр, оның негізгі операторы ретінде ол барлық қолда бар геологиялық және геофизикалық ақпаратты жинайды, цифрлайды және өзектілігіне қарай жаңартып отырады. Қазірдің өзінде «бір терезе» әдісі бойынша «Smart Jer» – «Жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларға арналған Egov» жобасы бойынша жұмыс басталып кетті.

Ғылыми жаңалықтарды іс жүзінде жүзеге асырумен қатар, университет оқытушылардың ғылыми талқылау мен жарияланымдық белсенділігіне де үлкен көңіл бөледі. Сәтбаев Университетінде 2022 жылы жаңа халықаралық 2 ғылыми журнал ашу жоспарлануда.

Сәтбаев Университетінің ғылыми-зерттеу саласын дамыту стратегиясындағы негізгі KPI – қаржыландыру көлемін 2 млрд теңгеден жоғары ұлғайту болып табылады, бұл өз кезегінде Q1, Q2 дәрежелі жарияланымдар санын үш жүз мақалаға дейін көбейтуге және докторанттар санын студенттердің жалпы санынан 10%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді.

Ішкі ғылыми жұмыстың тиімділігін арттырумен қатар университет халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруды және ең басты білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істеу үшін шетелдік жетекші профессорларды (Хирш индексі 5 және одан жоғары) қызметке тарту ісін күшейтуді жоспарлап отыр. Студенттерді әлемдегі озық технологиялармен таныстыру үшін шетелдік тәжірибелі профессорларды, соның ішінде Еуропа мен АҚШ университеттерінің профессорларын тарту жоспарлануда.

Университет қызметін барынша тиімді ету үшін, барлық бизнес-процестерді цифрландыру қажет. Бұл мәселе бойынша бизнес-процестерді жинақтау және оңтайландыру, ІТ-инфрақұрылымын жақсарту, университеттің барлық платформаларын біріктіру, сондай-ақ жаңа бағдарламалар мен қызметтерді енгізу секілді белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Проректор по корпоративному развитию и стратегическому планированию Ержан Кульдеев

Цифрландыру университет жұмысының барлық салаларына әсер етіп, оларды неғұрлым жетілдіреді және тиімді етеді. Осы мақсатта 2021 жылы университет алғаш рет SU Solutions мобильді қосымшасы форматында тікелей кері байланыс жүйесін енгізді, бұл қосымша университет тарапынан туындаған кез келген өзекті мәселелер туралы басшылықты дереу хабардар етуге мүмкіндік береді.

Басшылық қызметкерлер тілектерінің көпшілігін қанағаттандырады, олардың ұсынуымен, мысалы, оқу жүктемесінің уақыты мен есептеу нормалары өзгертілді, атап айтқанда, бұған дипломдық жұмыстар мен жобаларды, магистерлік және докторлық диссертацияларды басқару, практиканың барлық түрлерін басқару және эдвайзерлік жұмыстар кіреді.

Университетте туындаған мәселелерді дер кезінде шешумен қатар басшылық кәсіподақ қызметінің дамуына да қолдау көрсетуде. Бұл жұмыстың мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, еңбек тәртібін реттеу, жұмыс орнында жайлы жағдай жасаумен қатар жоғары сапалы көмек көрсету. Сондай-ақ республиканың жоғары оқу орындары арасындағы ең жақсы әлеуметтік пакеттердің бірін қамтитын ұжымдық шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Университет аумағында емхана ашылды, ол қазір оқытушылар мен студенттерді қабылдауға дайын тұр.

Университеттің қаржылық жоспарлау жүйесіне үлкен өзгерістер енгізілді. Енді бюджетті қалыптастыру институт, кафедра, департамент және бөлім басшыларының өтініштері негізінде төменнен жоғарыға қарай жүргізіледі.

Университет шығындары оңтайландырылып, қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік туды, ал жалақы көтеру процесі 2022 жылдан бастап кезең-кезеңмен жүреді. Шығындарды оңтайландыру және демеушілермен сауатты жұмыс жүргізу университет ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге, көптеген бөлмелерін қайта жабдықтауға, кабинеттерді жаңартуға және қоғамдық тамақтану орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда университеттің 60 000 м2-ден астам көлемі күрделі жөндеуден өтті. Сәтбаев Университетінде коворкинг орталығы мен спорт кешенін құру, барлық дәретхана бөлмелерін қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жылу корпусын жөндеуге атсалысқан Қасым Елемесов пен Қанай Рысбековтің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ Қапшағай қаласындағы полигонды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан Асқар Сыздықовтың еңбегі де жоғары аталды.

Проректор по социально-культурному развитию Мансур Алимханов

2021 жылы Сәтбаев Университетінде студенттердің өзін-өзі басқару ісін қайтадан жаңғырту жұмыстары басталды. Қараша айында студенттік деканаттың бірінші онлайн сайлауы өтті, бұл деканат студенттерге қатысты барлық мәселелерді шешуге әсер ете алады, соның ішінде:

  • Жастар ұйымдарына қаражат бөлу және студенттік іс-шараларға бюджеттен қаржы бөлу мәселелері;
  • Жатақханадағы орындарды бөлу;
  • Академиялық үлгерім мәселелері мен академиялық адалдық мәселелерін шешу;
  • Студенттік ұйымдарға қолдау көрсету.

Университет студенттерінің өмірі өте белсенді түрде өтуде, Студенттік шығармашылық орталық, қазақ және орыс тілдерінде КВН командалары, «Технократ» пікірсайыс клубы жүйелі түрде жұмыс істеуде, олар республика командалары арасында әрдайым жетекші орындарды иеленіп келеді.

Сәтбаев Университеті сонымен қатар әлеуметтік және спорттық жұмыстарды да белсенді түрде жүргізуде. Жетім балаларға, мүгедек студенттер мен үйде оқитын студенттерге тамақ пен киімге ақшалай өтемақы және оқу ақысына жеңілдік түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көзі нашар көретін және құлағы нашар еститін студенттер шәкіртақыға 75% көлемінде үстемақы алады, жатар орынға мұқтаж студенттер жатақханада тегін орынмен қамтамасыз етілген.

2022 жылы қызметкерлердің физикалық дамуы бойынша көптеген жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр: атап айтқанда, келесі президенттік сынақтарға дайындық, сондай-ақ жетістіктер үшін Президенттік және Ұлттық деңгейдегі марапаттарға ие болу жоспарлары бар.

Жиында Сәтбаев Университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мейрам Бегентаев, Басқарма мүшелері: Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бақыт Жәутіков, Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жұмысы жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, сондай-ақ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Мансұр Әлімханов сөз сөйлеп, Сәтбаев Университетінің өткен жылдық қорытындысы және болашақ даму бағдарламасы туралы баяндама жасады.

Жиын соңында «ашық микрофон» әдісі ұйымдастырылды, яғни қатысушылар өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Одан кейін университеттің дамуына зор үлес қосқан қызметкерлерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапаттау рәсімі басталып, жиын соңы салтанатты сәтке ұласты.

Открытый микрофон

Награждение сотрудников

Награждение сотрудников

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту