«Түсіндім – жасадым»: Сәтбаев Университетінде сертификатталған Кайдзен-орталық ашылды
Сәтбаев Университетінде «Total Toyota Production System» лицензиясы бар, Қазақстанда жалғыз Кайдзен-орталық ашылды. Орталықты «Total Toyota Production System» компаниясының халықаралық сертификатталған жаттықтырушысы, Кайдзен орталығының серіктесі және тең құрылтайшысы Құмар Мұсаев таныстырды, ол орталықтың жұмыс істеу қағидаттары туралы айтып, қонақтарға қытай халқының «Естідім – ұмыттым, көрдім – есте сақтадым, істедім – түсіндім» деген мақалын еске салды. Оған Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев қолдау көрсетіп, университетте осы орталықтың ашылуына мұрындық болды:
«Менің арманым – біздің барлық менеджерлер осы орталықта білім алса екен, – деді ректор орталықтың ашылу салтанатында. – Қазірдің өзінде біздің көптеген басшыларымыз осы орталықтың шәкірті атанып үлгерді, олардың қабылдаған идеялары одан әрі тарайды деп сенемін».
Қазақстанда 2015 жылы алғаш рет ашылған Кайдзен-орталық компанияларда кайдзен құралдарын оқыту мен оны бизнес-процестеріне енгізуді қамтамасыз етеді. Жаңа орталық мамандарды дайындау және елдегі ұйымдарда кайдзен әдістерін енгізу, компанияларға процестерді жақсартуға және тиімділікті арттыруға көмектесетін жетекші алаңға айналады.
Орталық барлық бөліктерге бөлінген: көптеген тренажерлармен жабдықталған лекциялық және практикалық бөлімдер. Мұнда кішкене теориялық дайындық үлкен көлемдегі тәжірибемен біріктіріледі. Көп жағдайда екі күндік тренинг бір күндік оқу түрінде өтеді.
Кайдзен – бұл жапон философиясы және «кішігірім қадамдармен» үздіксіз жетілу және дамыту әдісі болып табылады. Кайдзен әдісі бизнес-процестерді біртіндеп оңтайландыруды және клиенттермен қарым-қатынасты жақсартуды ұсынады. Негізгі идея – шағын түрдегі үздіксіз жақсартулар, сайып келгенде, үлкен оң өзгерістерге әкеледі. Кайдзеннің негізі – ресурстарды прагматикалық пайдалану және өндірісте ұқыпты болу.
Кайдзен қағидаттары қазірдің өзінде университетте қолданылуда – олар жаңа корпоративтік мәдениет пен атмосфераның бір бөлігіне айналды, өмір мен дүниетанымды өзгертті, жұмысты қайта құруға көмектесуде. Университет жұмысы да ыңғайлы болды. Бұл әдіс университетте әлі жалғасын табады және дамиды: жас менеджерлерге арналған бағдарламаларды, балалар бағдарламаларын жасауға, университетті көркейту ісіне және күнделікті тұрмысына кайдзен қағидаларын енгізуге болады.