Ағаш конструкцияларды жобалау мен есептеу технологиясы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Ағаш үй құрылысына, ағаш конструкцияларын, құрылыс материалдарын, жиһазды, ағаштан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды өндіру саласына қажетті мамандарды даярлау. Түлектер «Техника және технология бакалавры» ғылыми дәрежесін алып шығады

Студенттер құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, ағаш құрылымдар, ағаш және құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар өндірісі бойынша жұмыс жасау саласында білім алып шығады; құрылыс объектілері мен техникалық жабдықтарын пайдалану, күтіп ұстау, жөндеу және қайта құру; технология, есептеу және ағаш конструкцияларын жобалау бойынша жетекші мамандардың басшылығымен ғылыми-зерттеу ұйымдарында зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренеді.

Бағдарлама бойынша бір оқу және бірнеше өндірістік практика қарастырылған, бұл студенттерге 1-курстан бастап-ақ болашақта табысты еңбек етуге қажетті қолданбалы дағдыларды меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Пәндер студенттер оқудың бірінші күнінен бастап өздерін шығармашылық жағынан терең ойлай білуге, сыни және креативті сезінуге бастайтындай етіп жасалған.

Түлектер ағаш өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді, ағаш өңдеу салаларындағы экономикалық тиімділікке талдау жасайды, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің тактикасы мен стратегиясын жасайды. Олар бригадир, дизайнер, технолог, менеджер, ұйымдастырушы және өндірістік менеджер, өндірістік-техникалық қызмет инженері ретінде жұмыс істей алады; шеберханаларды жобалаумен және қайта құрумен айналысады.