Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: қайда оқу керек?
2020 жылы елде орын алған төтенше жағдайлар мен еңбек нарығындағы өзгерістер аясында болашақ мамандықты дұрыс таңдай білу бұрынғыдан да маңызды бола бастады. Кадрларды таңдау жөніндегі дүниежүзілік мамандар жобалардың күрт қысқарғанын, жалақының төмендегенін және қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер санының өскенін айтады. Сөйтіп, Google және Facebook қашықтықтағы жұмыс режимін 2021 жылға дейін ұзартты. Twitter компаниясы барлық іссапарлар мен іс-шаралардан бас тартып қана қоймай, сонымен қатар өз қызметкерлеріне карантиннен кейін де үйден жұмыс істеуге рұқсат беріп отыр.
Сонымен қатар, болжам бойынша, жылдың соңында көптеген адамдар жұмыс іздеу мәселесіне тап болады. Қысқартулар бірінші кезекте кеңсе жұмысшыларына әсер етеді, бірақ жоғары білікті инженерлер сияқты тапшы мамандарға әсер етпейді. Бұны ANCOR Central Asia кеңесшілер тобының жетекшісі Юлия Астанинаның пікірі де растайды:
«Қазіргі жағдайда барлық компаниялар үшін жаңа қажеттіліктерге, сынақтарға шақыру кезеңі туып отыр. Барлық бизнес-процестерді қашықтан жүргізу форматына ауыстыру, жұмыс кестесін қайта құру, жаңа қызметкерлерді тартудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет болды. Қиындыққа төзе білу секілді сынақтар бизнестің күшті және әлсіз жақтарын айқындайды. Көптеген ұйымдар өз қорытындыларын шығарып, жаңа стратегияларға қарай бағыт алады, мысалы, олар толық немесе жартылай онлайн режимге «өтуге» дайын болады.
Егер танымал мамандықтар туралы айтатын болсақ, жылдан-жылға сатушы мамандарға, IT-мамандарына, инженерлер, әкімшілік қызметкерлерге деген сұраныс артып келе жатқандығын атап өткіміз келеді, тіпті қазіргі өмірде де көрініс аздап өзгергенін байқауға болады. Өндірістік компаниялар өз жұмыстарын жалғастырып, әлі де болса жаңа қызметкерлерді қабылдауда. Сондықтан да өндіріс менеджері, өндірісті жоспарлау және сатып алуды жоспарлау бойынша мамандарға деген сұраныс жоғары болып тұр».
Компаниялардың қашықтықтан жұмыс жасау форматына көшуінің талаптарынан басқа, техникалық мамандарға деген сұраныстың өсуі біздің мемлекетіміздің оларға қызығушылық танытуымен де тығыз байланысты.
Қазақстанда қазір индустрияландыру және цифрландыру үдерісі жүріп жатыр, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» жоспарының аясында белсенді жұмыс жүргізілуде. Осының нәтижесінде елімізде кәсіби инженерлер жетіспейді. Сондықтан өнеркәсіпті білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан үкіметі 2020 жылы техникалық мамандықтарға 24 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлді. Сәтбаев университетінің гранттары ғылым мен өндіріс саласында табысты еңбек етіп, жоғары мансапқа қол жеткізуге дайын студенттерге арналған.
Үздік студенттер үшін оқу бітіргеннен кейін барлық есіктер ашылады. Сәтбаев университетінің түлектері қазіргі заманғы технологияларға негізделген өндірістік компанияларда ерекше бағаланады. Білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA-Ranking) бағалауы бойынша бірнеше жылдар бойы біздің университет жұмыс берушілердің беделін бағалауда бірінші орынға ие болып келеді.
Сәтбаев университеті 2019 жылы Қазақстандағы үздік техникалық университеттердің Ұлттық (ең басты) рейтингісі бойынша көш бастап, мұндағы білім беру сапасының жоғары екендігін және елдің ең көне техникалық университетінде білім алудың келешегі мол екендігін дәлелдеді.
Біздің университет түлектерінің 90%-ы оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жұмыс тауып, тез арада жоғары мансапқа қол жеткізеді. Университет түлектерінің айлық табысы тәжірибелері мен мамандандыруларына байланысты 70–350 мың теңге аралығында. Әсіресе қаржы және мұнай саласында жалақы жоғары.
Мысалы, «Математикалық экономика және деректерді талдау» мамандығы өкілдерінің айлық жалақысы 2000 долларға дейін жетеді, ал осы бағытта жұмыс істеу қаржы бөлімінің бастығы болуға және өз елінде немесе шетелде табысты топ-менеджерлердің бірі атануға мүмкіндік береді.
Әсіресе, өндірісте жұмыс тәжірибесі бар инженерлер жоғары бағаланып, мансап сатысына тез көтеріледі, сондықтан Сәтбаев университетінің студенттері өндірістік тәжірибені соңғы оқу жылында өтеді.
Университет тәжірибе өткізетін базалық ұйымдармен 460 келісім-шарт жасаған. Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазТрансОйлГаз», «ҚазМұнайГаз», Schlumberger, BakerHughes және басқа да әлемдік маңызы бар кәсіпорындар. Студенттердің 88%-ы өздері өндірістік тәжірибеден өткен кәсіпорындарға жұмысқа орналасады. Кейбір бакалавриат түлектері магистратурада оқуларын жалғастырып немесе екінші мамандықта оқи жүріп, мансабын дамыта алады.
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ БАКАЛАВРИАТЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Алайда мансапқа тез жету үшін, таңдаған мамандығыңызға сай ынталы болуыңыз керек. Математика мен физика пәндеріне қабілеттілікті жасөспірімдердің көпшілігі мектепте оқып жүрген кезінде оңай анықтайды, алайда өмірлік мамандықты таңдау әлдеқайда қиын екендігін түсінбейді. Зерттеулерге сәйкес, жыл сайын Қазақстандағы мектеп бітірушілердің шамамен 70%-ы мамандық таңдау кезінде қиналады, сондықтан да жоғары оқу орындары түлектерінің 50%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемей, өздеріне ыңғайлы мамандық іздестіруді әрі қарай жалғастырады.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін, университетке түсу кезеңінде алдағы мансапты жоспарлап алу керек. Ең алдымен өзіңізді түсінуіңіз керек: сіз физиксіз бе немесе лириксіз бе? Егер сізде техникаға деген қызығушылық болса, қабылдаған шешімге сенімді болып, өз тағдырыңызды экономиканың жоғары технологиялық секторларымен байланыстыруға дайын болсаңыз, Сәтбаев университеті жасаған қызықты және пайдалы 3D-навигатор сізге мамандық таңдауға көмектеседі.
Өзіңіздің ішкі күйіңізге назар аударыңыз, интуитивті түрде жылдам жауап беріңіз, қалғанын тест жасайды.