Ақпарат:

15 шілде 2020 86593

Қазақстанда грантқа оқуға түсу үшін, ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

Қазақстанда грантқа оқуға түсу үшін, ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

Жаз – ата-аналар мен талапкерлер барлық жоғары оқу орындарына баса назар аударатын мезгіл. Бұл кезде факторлардың бәрі есепке алынады: жоғары оқу орнының танымалдылығы, білім беру нарығында және ғаламдық рейтингтер бойынша оның алатын орны, бөлінетін гранттар саны және т.б. Осындай жағдайда таңдауды қалай жасауға болады?  

Жоғары бағаланатын университеттер әдетте білімі жағынан жоғары деңгейлі студенттерді өзіне тартады және олар мемлекетпен, ғылыми орталықтармен, зертханалар, сондай-ақ коммерциялық компаниялармен тығыз байланыста болады.

Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы мықты бәсекелестікті ескере отырып, Сәтбаев университеті еліміздің техникалық жоғары оқу орындары арасында үнемі алдыңғы орынға ие болып келеді. Жыл сайын білім беру сапасының негізгі көрсеткіштерін және ұсынылатын білім сапасын бірнеше есе жақсарта отырып, 2019 және 2020 жылдары Сәтбаев университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Ұлттық тәуелсіз агенттіктің (IQAA) рейтингісі бойынша Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының ішінде бірінші орын алды және әлемдік рейтингтерінің бірі – QS рейтингісі бойынша дүние жүзіндегі ең үздік 600 университеттің қатарына кірді.

Оқу грантына ие болу көптеген адамдар үшін орындалмайтын арман сияқты болып көрінеді, бірақ бұл бір қарағандағы көзқарас қана. Мәселен, 2019 жылға арналған 53 755 гранттың 21000-нан астамы техникалық саладағы білім беру бағдарламаларына бөлінді, соның ішінде техникалық бағытқа арналған гранттардың 11%-дан астамы мемлекеттік конкурстың нәтижелері бойынша Сәтбаев университетіне берілді. Нәтижесінде өзіне бөлінген гранттар саны бойынша Сәтбаев университеті екі жыл бойы Қазақстанның үздік университеттері қатарында келеді.

2019 жылы білім беру бағдарламаларының топтары бойынша Сәтбаев университетіне бөлінген гранттар пайызы:

  •  «В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды байыту» – Қазақстандағы осы бағдарламалар тобы бойынша бөлінген барлық гранттардың 30%-ы;  
  • «В073 Сәулет» – 28%;
  • «В075 Кадастр және жерге орналастыру» – 27%;
  • «В063 Электротехника және автоматтандыру» – 23%;
  • «В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» пен «В058 Ақпараттық қауіпсіздік» – әрқайсына 17%-дан.

Биылғы 2020 жылы республика бойынша 53 864 грант бөлініп отыр. Оның ішінде 22 000-нан астам грант техникалық мамандықтарға берілді, атап айтқанда:

  • «6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» – 4 088;
  • «6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 3 815;
  • «6B07 Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» – 14 681.

Сәтбаев университетінде ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес, 2020 жылы республикаға 17 329 грант бөлінген. Бұл жеті негізгі бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының 20 тобы: ақпараттық технологиялар, робототехника және автоматтандыру, пайдалы қазбаларды байыту, өнеркәсіптік инженерия, химиялық және биохимиялық технологиялар, сәулет және құрылыс, математикалық экономика.

Сіздің таңдауыңызға сәйкес білім беру бағдарламасын анықтауға Сәтбаев университетінде психолог мамандардың қатысуымен жасалған виртуалды навигатор – 3D тест  көмектеседі.

Ал университеттің серіктестері болып табылатын 450 компания түлектердің практикалық қызметі мен оларды жұмысқа орналастыру кезінде көмектеседі. Статистикаға сәйкес, оқу бітіргеннен кейін түлектердің 90%-ы жұмысқа орналасады. Техникалық университеттің ерекше артықшылығы – оның көптеген шетелдік университеттермен және компаниялармен, сондай-ақ ұлттық корпорациялармен ынтымақтастығы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің біреуінде оқуды таңдау мүмкіндігі бар.

Сөйтіп, Сәтбаев университеті ғаламдық зияткерлік және ғылыми дамудың алдыңғы шебінде келеді, сондай-ақ білім беру сапасы жағынан үздіктер қатарын сақтай отырып, грант  негізінде оқуға жақсы мүмкіндіктер береді.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2020 жылы 13–25 шілде аралығында қабылданады.

Қабылдау комиссиясының телефондары:
+7 (727) 292 73 01,
+7 (727) 292 77 79,
undgrad@satbayev.university
www.satbayev.university
 

2019 ж. Сәтбаев университетіне грантқа түсу үшін белгіленген ҰБТ-ның шектік балл мөлшері 
(бұл болжам жасап, өзіңізге лайықты бағдарлама таңдап алуға көмектеседі)

Білім беру бағдарламаларының атауы

Білім беру бағдарламаларының топтары

ҚР бойынша гранттар саны

СУ гранттарының саны

Шектік балл

қаз

орыс

Математикалық экономика және мәліметтер анализі

В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

195

2

124

114

Сәулет және дизайн

В073 Сәулет

100

28

104

88

Индустриалды инженерия

В076 Стандартизация, сертификация және метрология

300

12

99

65

Химиялық және биохимиялық инженерия

В050 Биологиялық және аралас ғылымдар

640

41

111

78

Көлік инженериясы

В095 Көлік қызметтері

527

13

115

105

Электроника және электротехника

В063 Электротехника және автоматтандыру

650

149

81

71

Робототехника және мехатроника

Автоматтандыру және роботтандыру

Ақпараттық қауіпсіздік

В058 Ақпараттық қауіпсіздік

676

113

95

71

Химиялық және биохимиялық инженерия

В051 Қоршаған орта

300

20

123

68

Математикалық экономика және мәліметтер анализі

В057 Ақпараттық технологиялар

2876

255

104

86

Компьютерлік ғылымдар

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Телекоммуникация

В059 Коммуникациялар және коммуналды технологиялар 

500

41

105

78

Химиялық және биохимиялық инженерия

В060 Химиялық инженерия және үрдістер

669

 

22

65

65

Геология және кен орындарын барлау

В052 Жер туралы ғылым

400

44

96

65

Геокеңістіктік сандық инженерия

В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

2500

424

65

65

Құрылыс инженериясы

Тау-кен инженериясы

В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

1820

552

65

65

Мұнай инженериясы

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту

Мұнай-газ және кен геофизикасы

Геология және кен орындарын барлау

Геокеңістіктік сандық инженерия

В075 Кадастр және жерге орналастыру 

200

55

104

76

Көлік инженериясы

В065 Автокөлік құралдары 

550

55

77

65

Инженерлік физика және материалтану

В061 Материалтану және технологиялар

300

44

65

65

Энергетика

В062 Электротехника және энергетика 

1675

204

78

65

Электроника және электротехника

Робототехника және мехатроника

В064 Механика және металл өңдеу

1953

216

65

65

Инженерлік механика

Эксплуатациялы-сервистік инженерия

Индустриалды инженерия

Инженерлік физика және материалтану

В069 Материалдар өндірісі

200

13

65

65

Индустриалды инженерия

 

Жалпы:

17031

2303

   

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту