Ақпарат:

Көмірсутекті қосылыстардың химиялық инженериясы

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 097
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Мұнай-химия кәсіпорындары үшін мұнай мен газды өңдеудің, көмірсутек шикізатынан өнім өндірудің озық әдістері саласында ғылыми кадрлар даярлау.

Докторантура білім беру бағдарламасын меңгерген және диссертацияны сәтті қорғаған ізденушіге оқу мерзіміне тәуелсіз ретте «Философия докторы (PhD)» академиялық дәрежесі беріледі.

Докторантура білім беру бағдарламасы мамандардың кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ағылшын тілін,  мамандандырылған пәндерді терең меңгеруді,  диссертациялық зерттеу тақырыптарына тереңірек дайындалуды, пәнаралық дайындықты, жоғары мектептерде сабақ беру дағдыларын қалыптастыруды міндеттейді. Сонымен қатар, бағдарламаға міндетті түрде педагогикалық практика және докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауы кіреді. Докторантура білім беру бағдарламасының оқу компоненттерін меңгеру үшін және/немесе зерттеулер жүргізу үшін докторанттар кем денегде алты ай мерзімге шетелдік білім беру және ғылыми мекемелерге дайындықтарға барады.

PhD доктор мұнай және газ өңдеу салаларының алдыңғы қатарлы әдістерін, көмірсутегі шикізатының бағалануына байланысты өнім өндірісін, ғылыми ақпаратты өңдеу және сақтауды, ғылыми және тәжірибелік қиын мәселелерді шешуге және тұжырымдауға қабілетті, мұнай химиясы және мұнай- газ өңдеу саласында ғылыми - зерттеу, эксперименттік - зерттеу және басқарушылық қызметті жүргізу мен ұйымдастырудың негізгі құзыреттерін білетін маман.

Докторантура түлектерінің кәсіби қызметінің объектісі  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жоғары және арнайы білім беру орындарының алдыңғы қатары, ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми - өндірістік орталықтары, отандық және шетелдік химиял, мұнай химия, газд және көмір өндіру кәсіпорындары болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту