Көмірсутекті қосылыстардың химиялық инженериясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
ҚР БжҒМ Білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М097 Химиялық инженерия және процестер |
Бейорганикалық химия |
Жалпы химиялық технология |
Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы мен мұнайхимия саласында, мономерлер мен полимерлер, органикалық заттардың маңызды түрлерін өндіру мен синтездеудің алдыңғы қатарлы әдістерін меңгерген әрі соны жүзеге асыру үшін тәжірибелік дағдысы қалыптасқан мамандар дайындау.
Бағдарлама өндіріс пен қызметкерлердің іс әрекетін басқаруға икемді, экономиканың мұнайхимиялық заманауи секторының ғылыми және техникалық жетістіктері жағынан эксперименттік зерттеулерді орындауға және жүзеге асыруға қабілетті, өзін өзі дамытуға ұмтылатын, креативті мамандар дайындауға бағытталған.
Магистранттар мұнайды табиғи обьект әрі мұнайхимиялық шикізат ретінде, сонымен қатар көміртек қосылыстарының химиясы негізіндегі үрдістер негізінде оқып біледі; мұнайдың химиялық өнімге және отынның альтернативті түріне өзгеру үрдістерін талдап шығарады.
Түлектер білім беруге, зерттеу жобаларын жүргізуге және мұнай-, газөңдеу зауыттарында, мұнайбазасында, эксперттік зертханаларда, ғылыми-зерттеу институттарында, біріккен инжинирингті өндірістерде маңызды инженерлік қызметтер атқара алады.
Ағылшын тілін тереңдете оқыту мен шет елдік тағылымдамалар өту қарастырылған.