Биоэкологиялық инженерия
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M087 Қоршаған ортаны қорғау технологиялары |
Геоэкология |
Экологиялық мониторинг |
Инженерлік биотехнология және инженерлік экология саласында қазіргі заманғы әдістерді меңгерген, алынған білімді инженерлік - жобалау және ғылыми-өндірістік қызметте іске асыруға қабілетті эко және биотехнология саласында мамандар даярлау.
Инновациялық бағдарлама Satbayev University-де оқыту жүргізілетін ең перспективалы мамандықтардың бірі болып табылады. Түлектер жаратылыстану саласындағы магистр академиялық дәрежесін алады.
Диплом Еуропалық комиссияның, Еуропа Кеңесінің және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарттары бойынша әзірленген дипломға қосымшамен қоса беріледі. Кредиттерді қайта есептеудің еуропалық жүйесін (ECTS) пайдаланады және шетелдік университеттерде білімді жалғастыруға, сондай-ақ шетелдік жұмыс берушілер үшін ұлттық жоғары білімді растауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама жоғары технологиялылық, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жаппай пайдалану, жобалау мен басқаруды компьютерлендіру негізінде құрылған. Магистранттар заманауи биотехнологияның өзекті мәселелері мен әдістерін, басқару психологиясын, қоршаған ортаны қорғаудағы биоэкотехнологияларды, инженерлік биотехнологияны, өнеркәсіптің түрлі салаларындағы өнімдер өндірісінің биоэкотехнологияларын және биоқауіпсіздікті зерттейді.
Студенттер өнеркәсіптік өндіріс жағдайында экологиялық және биологиялық процестерді жобалау және пайдалану дағдысын алады, экотехнологиялық және биотехнологиялық процестерді моделдеуді, параметрлерді есептеуді және оңтайландыруды, процестің аппаратуралық-технологиялық сұлбасын жасауды, өнеркәсіптік экологияландырылған биотехнологиялық өндірісті басқаруды үйренеді.
Магистранттар әлемдік жетекші университеттерде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтеді. Білім алушылар үшін шет тілдерінің бірін тереңдетіп оқыту мүмкіндігі қарастырылған, бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1-2 семестр бойы шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік береді.
Түлектер ғылыми-өндірістік корпорацияларда, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханаларында, энергетикалық, тау-кен өндіру, тау-кен металлургиялық, мұнай-газ және химиялық өнеркәсіптерде, экологиялық қызметтерде инженерлік-техникалық және басшылық лауазымдарда жұмыс істей алады.