Ақпарат:

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ Білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М097 Химиялық инженерия және процестер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

Мамандық НААР бойынша аккредиттелген және Satbayev University-де оқыту жүргізілетін неғұрлым перспективалы мамандықтардың бірі болып табылады, өйткені Қазақстан әртүрлі химиялық шикізаттың мол қорына ие, оны қайта өңдеу тек өзі тұтыну үшін ғана емес, сондай-ақ экспорттық мақсаттағы өнімдердің кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік береді. Оқыту ерекшелігі «Ядролық-химиялық технология» бағыты бойынша маманданудың болуы және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК кәсіпорындары үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлау болып табылады.

Бағдарлама химия және химиялық технология саласындағы негізгі химиялық кәсіпорындар үшін мамандар даярлауға бағытталған. Түлектер 1,5 жыл оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жыл оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.

Бағдарлама жоғары технологиялық, заманауи ақпараттық технологияларды жаппай пайдалану, жобалау мен басқаруды компьютерлендіру негізінде құрылған. Магистранттар табиғи шикізаттар мен химиялық өндіріс қалдықтарын өңдеудің қазіргі заманғы технологиясын, талдауға арналған заманауи бағдарламалар пакеттерін, химия саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды, қазіргі заманғы зертханалық және өндірістік жабдықтардың жұмыс істеу принциптері мен құрылымын зерттейді.

Магистранттар әлемдік жетекші университеттерде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша семестр бойы шетелде оқи алады.

Білім алушылар үшін шетел тілдерінің бірін тереңдетіп оқыту мүмкіндігі қарастырылған, бұл түлектердің жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерінің жоғары деңгейін және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1-2 семестр бойы шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік береді

Түлектер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, «Қазфосфат», «ҚазАзот» және т.б. кәсіпорындарының инженерлік-техникалық және басқарушы лауазымдарды атқарады, химиялық, фармацевтикалық, экологиялық, металлургиялық және көмір өндірісі кәсіпорындарының орталық-зауыттық зертханаларында, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдарында жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту