Биоэкологиялық инженерия
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Экологиялық инженерия саласында озық экобиотехнологияларды әзірлеу бойынша ғылыми ізденістерді жүргізетін және экобиотехнологиялардың қазіргі заманғы мәселелерін шешуге қабілетті маман-зерттеушілерді даярлаудың инновациялық бағдарламасы.
Бағдарлама кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, түлектерге оқу мерзіміне қарамастан "философия докторы (PhD)" ғылыми дәрежесі беріледі.
Диплом Еуропалық комиссияның, Еуропа Кеңесінің және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарттары бойынша әзірленген дипломға қосымшамен қоса беріледі. Қосымша кредиттерді қайта есептеудің еуропалық жүйесін (ECTS) пайдаланады және шетелдік университеттерде білімді жалғастыруға, сондай-ақ шетелдік жұмыс берушілер үшін ұлттық жоғары білімді растауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленді. Докторанттар өнеркәсіптік өндіріс жағдайында экологиялық және биологиялық процестерді жобалауды және пайдалануды үйренеді, табиғи және техногендік экожүйелерді, қолданылатын микроорганизмдердің, жасушалық дақылдардың, биосинтез арқылы алынатын заттардың қасиеттерін зерттеуге арналған аспаптар мен жабдықтарды, биотехнология өнімдерін өндіру, нанотехнологиялар және олардың қоршаған ортаға әсері, биомассалар, өнеркәсіптік биотехнологиялық процестерді жүргізуге арналған құрылымдар мен экологиялық технологиялар, микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың жасушалық дақылдары, биологиялық белсенді заттар зерттейді.
Бағдарлама ағылшын тілін, мамандану пәндерін тереңдетіп оқытуды, диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша тереңдетілген дайындықты, пәнаралық дайындықты, жоғары мектепте оқыту дағдыларын көздейді. Бағдарламаға педагогикалық тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кіреді. Оқу компоненттерінің бір бөлігін игеру және/немесе зерттеулер жүргізу үшін докторант шетелдік білім беру және ғылым мекемелеріне оқудың барлық кезеңінде кемінде алты ай мерзімге барып тағылымдамадан өткізеді.
Түлектер ЖОО-да оқытушы, топ-менеджер және инженер-зерттеуші болып ғылыми-зерттеу институттарында, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханаларында, энергетикада, тау-кен, тау-кен металлургиялық, мұнай-газ, машина жасау және химия өнеркәсібінде, экологиялық қызметтер мен агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істей алады.