Ақпарат:

Жаңа органикалық және полимерлі материалдардың синтезі мен өндірісінің негізгі процестері

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 097
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Докторантура білім беру бағдарламасы мамандардың кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ағылшын тілін,  мамандандырылған пәндерді терең меңгеруді,  диссертациялық зерттеу тақырыптарына тереңірек дайындалуды, пәнаралық дайындықты, жоғары мектептерде сабақ беру дағдыларын қалыптастыруды міндеттейді. Сонымен қатар, бағдарламаға міндетті түрде педагогикалық практика және докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауы кіреді. Докторантура білім беру бағдарламасының оқу компоненттерін меңгеру үшін және/немесе зерттеулер жүргізу үшін докторанттар кем денегде 6 ай мерзімге шетелдік білім беру және ғылыми мекемелерге дайындықтарға барады.

Философия докторларын (PhD) (бейін бойынша доктор) даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі көрсеткіші докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда кемінде 180 академиялық кредиттерді игеруі болып табылады; педагогикалық тәжірибеден өтуі, ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауы, мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруы саналады. Дайындық мемлекеттік грантпен және кредиттік технология бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша 3 жыл мерзімде  жүргізіледі.

Докторантура білім беру бағдарламасын меңгерген және диссертацияны сәтті қорғаған ізденушіге оқу мерзіміне тәуелсіз ретте философия докторы (PhD)» академиялық дәрежесі беріледі.

PhD доктор органикалық заттардың синтезі мен өндірісінің заманауи технологиясын, ғылыми ақпаратты өңдеу және сақтауды, ғылыми және тәжірибелік қиын мәселелерді шешуге және тұжырымдауға қабілетті, органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу және басқарушылық қызметті жүргізу мен ұйымдастырудың негізгі құзыреттерін білетін маман. Докторантура түлектерінің кәсіби қызметінің объектісі  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жоғары және арнайы білім беру орындарының алдыңғы қатары, органикалық заттардың және материалдардың өндірісіне байланысты ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми- өндірістік орталықтары, отандық және шетелдік химия, мұнай химия, газ және көмір өндіру кәсіпорындары болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту