Мұнай-газ химиясы өнімдерінің химиялық технологиясы
Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В060 Химиялық инженерия және үдерістер Химия - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Мұнай мен газды қайта өңдеу, мұнай-газ химия өнеркәсібі мен полимерлерді, материалдар мен қондырғыларды өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарына қажетті мамандарды даярлау. Түлектер «Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесін алып шығады.

Мұнай-химия өнеркәсібі – бұл химиялық өнімдер көмірсутегі, мұнай және газ шикізатынан алынатын, капиталды қажет ететін жоғары технологиялық сала. Бұл мұнай-газ кешені мен қайта өңдеу салалары арасындағы байланыс пен зор экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсер етеді.

Бағдарлама Мұнай-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының кәсіпорындарында химиялық машина жасау және процестер саласындағы кіріспе, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерден өтуді қарастырады.

Бағдарламада шетел тілін тереңдетіп оқыту қарастырылған, бұл бағдарламаны үш тілдің біреуінде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аяқтауға мүмкіндік береді.

Түлектер өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, мысалы, көмірсутектерді, мұнай мен газ шикізаттарын мақсатты өнімдерге, реагенттер мен жаңа полимерлі материалдарға өңдеудің заманауи технологиялары саласында жұмыс істейді.